{metadescription}
«Дара» қайырымдылық қорына биыл 15 жыл
«Дара» қайырымдылық қорына биыл 15 жыл

«Дара» қайырымдылық қорына биыл 15 жыл

Елімізде 30 мыңнан астам бүлдіршінге көмек көрсеткен «Дара» қайырымдылық қорына биыл 15 жыл. Бүгінге дейін қор жетім балалар мен ерекше білім беруді қажет ететін бүлдіршіндерді қолдауда аянған емес. Осы бағытта ондаған жобаны іске асырған.

Сәуле Бексұлтанова, «Дара» қайырымдылық қорының бөлім басшысы:

- Әлемді ашамыз деген жобамыз бар. Бұл жерде көру қабілеті жоқ және көзі нашар көретін балаларға жапы білім беру мектептерінде арнайы сыныптар ашылған. Ол Қазақстан бойынша 6 қалаларда 15 сынып жұмыс жасайды.

Қайырымдылық қордың 15 жылдығына орай, биыл «Бірге өскенде» атты инсталляциясы құрылды. Мұнда қордың құрылғанынан бастап даму жолы көрсетілген. Мәселен, бос жатқан жер алғашқы кезеңді, шашылып жатқан тастар қиындықты, кейін қаумалап өскен өсімдіктер – жетістікті білдіреді. Осылайша, қордың 15 жылдағы қызметі көрсетілген. Сондай-ақ зағип жандарға арналған инсталляция да бар. Көзі көрмейтін жандар топырақ пен тастар, тау жыныстары мен тамыры терең ағашты қолымен ұстап сезіне алады.

Гүлжадыра Бекенова, «Дара» қайырымдылық қоры тәлімгерлер жобасының жетекшісі:

- 15 жылдық тарихымызды, қалай біздің өскенімізді осы инсталляция арқылы көрсеткіміз келді. Бұнда адам табиғатпен бірлесе отырып, ондағы шектеулер жоқ екенін көрсеткіміз келеді. Біз осы арқылы "Дара" қоры балаларға мүмкіндік жасағанымызды көрсеткіміз келеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде