{metadescription}
Ақтөбеде онкология: Емдеу орталығы неге әлі ашылмаған
Ақтөбеде онкология: Емдеу орталығы неге әлі ашылмаған

Ақтөбеде онкология: Емдеу орталығы неге әлі ашылмаған

Ақтөбеде онкология дертіне шалдыққан балалардың ата-аналары емдеу орталығының ашылуын талап етіп отыр. Ерекше күтімдегі бүлдіршіндерге арналған аурухана құрылысы аяқталып, толық жабдықталған. Бірақ әлі күнге дейін науқас қабылдап жатқан жоқ. Сондықтан ата-аналар ауру баласын Астана мен Алматыға апаруға мәжбүр.

Жазира Бұрханова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Бала онкология болғасын ұшақпен барамыз. Біреудің қалтасы көтереді, біреудің қалтасы көтермейді. Біреудің баласы екі аяқпен жүреді, біреудің баласының жүруге мұршасы жоқ. Онкология орталығын тездетіп салып, тездетіп ашып берсе деген үміт.

Жаңа орталықтың ашылуын науқас балалардың ата-аналары төрт жылдан бері күтіп келеді. Аурухана құрылысы жыл басында аяқталып, көктемде шетелдік мамандар оң бағасын да беріпті. Бірақ содан бері палаталары бос тұр. Ал Ақтөбе аймағында қатерлі ісіктің ақ қан түріне шалдыққан бүлдіршін саны 500-ден асады. Олардың барлығы емделуге  Астана мен Алматыға жылына он шақты рет қатынайды. Ата-аналар жол ақысына кем дегенде 3-4 миллион теңге кететін айтады. Өзге өңірлер сияқты балалардың ауруханаға бару үшін жолына кеткен шығынды әкімдік өтемейді екен. Орталық ашылса, олар алысқа бармас еді. Ал облыстағы денсаулық сақтау басқармасы құжат рәсімдеу шараларының ұзаққа созылғанын айтады. Қазір  қаржы бөлініп, тіркеуден өтіп жатыр екен.

Бақытжан Түлкібаева, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

- Әлеуметтік сақтандыру қоры бар ғой, соны реестрге тіркеп жатыр. Міне, құдай қаласа, желтоқсан айында бұлар сол қаражатты алса, біздің жоспар бойынша қаңтар айында 2023 жылы іске қосылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде