Әлеуметтік жобаң ерекше болса, іскер әйелдер қауымдастығы сайтына жүкте
Семейде "Қайырымдылық керуені" байқауына өтініш қабылдау басталды. Игі ісі әлеуметтік жобасымен көзге түскен жандар өз жұмыстарын Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының сайтына жүктей алады. Оны қазылар алқасы іріктеп, жеті номинация бойынша жеңімпаздарды анықтайды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
14.10.2022
«Қайырмдылық керуені» байқауы биыл бесінші жыл қатарынан өткізілуде. Былтыр бұл игі шараға мыңнан астам отандасымыз қатысқан болатын. Жоба Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және КТК телеарнасының қолдауымен ұйымдастырылуда. Байқау шартына сәйкес, жеңімпаздарға Астанада құрмет көрсетіледі. Оларға сертификаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етіледі.
Данажан Серікбаева Семей қаласы «Іскер әйелдер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі:
- «Қайырмдылық керуені» байқауына адамға өмірін сақтауға көмектескен және жануарларды, қоршаған ортаны, экологияны, қаламызға септігін тигізген адамдар қатыса алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!