{metadescription}
ОСК: Нұржан Әлтаевтың құжаттары жарамсыз деп танылды
ОСК: Нұржан Әлтаевтың құжаттары жарамсыз деп танылды

ОСК: Нұржан Әлтаевтың құжаттары жарамсыз деп танылды

Президенттікке үмітті болған экс-шенеунік Нұржан Әлтаевты сот сайлауға жіберген жоқ. Өйткені оның Орталық сайлау комиссиясына өткізген құжаттары жарамсыз деп танылған.

Лаура Сүйіндікова, «Байқоңыр» ауданы сотының судьясы:

- Сот «Мұқалмас» РҚБ жалпы жиналысында қатысушылардың көпшілігі Нұржан Әлтаевты ҚР президенттігіне кандидат ретінде ұсынуға қарсы дауыс бергенін анықтады.

 «Мұқалмас» бірлестігі мен Нұржан Әлтаев нені бөлісе алмағанын қайдам, өздері ұсынған кандидаттан өздері басын ала қашып, «сайлауға қатыспасын» деп сотқа жүгінген. Мәселені майшаммен қараған сот «Мұқалмас» үкіметтік емес ұйымының басқосуында жиналғандардың дені  – Нұржан Әлтаевтың кандидатурасына қарсы болғанын анықтапты.

 Нақтырақ айтсақ, атышулы экс-депутатты жиынға қатысқандардың тек алтауы ғана қолдап, дауыс берген. 11 адам бұл шешіммен келіспеген. Соған қарамастан бұрынғы шенеунік алған бетінен қайтпай, Орталық сайлау комиссиясына өз еркімен құжаттарын алып келіпті. Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Нұржан Әлтаев елімізде ресми тіркелмеген «Ел тірегі» партиясын басқарады. Оған дейін Мәжілісте депутат болған. Ауыл шаруашылығы, еңбек министрліктерінде де лауазымды қызмет атқарған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.