{metadescription}
Жол жайын айтуға келген министр сынның астында қалды
Жол жайын айтуға келген министр сынның астында қалды

Жол жайын айтуға келген министр сынның астында қалды

Алдағы үш жылда тағы 11 мың шақырым жол ақылы болады. Одан түскен қаражат жолдың өзіне қайта жұмсалады дейді индустрия министрлігі. Бірақ мұндай жоспар мәжілісмендерге ұнаған жоқ. «Шұрық-тесік тасжолдар сын көтермейді» деген депутаттар министр Қайырбек Өскенбаевқа сұрақты жаудырды. Тіпті «көзімізбен көріп келдік» деп эмоцияға ерік бергендері де бар.

Қайырбек Өскенбаевқа бұл апта оңайлықпен басталмады. Депуттатардың алдына автомобиль жолының жайын баяндауға келген министр сұрақ пен сынның астында қалды. Тасжол тақтайдай болмаған соң, мәжілісмендердің айтары жиналып қалған екен.  

 «Жолдың жайын жүрген білер» демекші, біздегі жолдардың сапасы бұқараға бесенеден белгілі. Депутаттардың шамына тиген министрдің баяндамасы.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі :

- Еліміздегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым. Соның ішінде 25 мың шақырымы республикалық маңызы бар жолдар болса, 71 мың шақырымы облыс және аудан маңызы бар жолдар. Бүгінде республикалық желі бойынша нормативтік жағдайда 90 пайыз жол, жергілікті желі бойынша 80 пайыз жол бар.

Республиканы былай қойғанда, өңірлердегі жолдың 80 пайызы жарамды дегенімен, Альберт Рау келіспейді. Мәжілісмен бұл көрсеткіштің  қалай есептелгенін түсінбей отыр.

Альберт Рау, Мәжіліс депутаты:

- Индустрия министрлігінің мәліметінше, жергілікті жолдардың 80 пайызы қанағаттанарлық жағдайда. Алайда тексеріс нәтижесінде тек 18 шақырымына немесе 26 пайызы ғана асфальтбетон жабындысы төселгені анықталды. Демек қиыршақ тас пен топырақ төслеген жолдың қалған бөлігі 80 пайыздың ішіне қалай кіріп кетті? Біздегі жолды бағалау тәсілін өзгертіп, содан кейін бұл сұрақты қайта қараған жөн болар.

Депутаттардың дерегінше, республикалық маңызы бар жолдардың тең жартысына түбегейлі жөндеу жұмысы қажет. Жол сапасы бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 141 елдің ішінде 93 орында екен. Тіпті Кения мен Танзания біздің алдымызда дейді мәжілісмендер. Сөз арасында Атырау-Астрахань тасжолының құрылысын келер жылы аяқтаймыз деген министрге депутат Дүйсенбинов былай деді.

Берік Дүйсенбинов, Мәжіліс депутаты:

- Жаңа сіз айтып отырған «біз осы 23 жылда бітіреміз» деген – өтірік әңгіме. Жолдың үстінде жұртта қалған ана жерде бір каток тұр, мына жерде бір каток тұр. Қайнап жатқан жұмысты көрген жоқпыз. Жаңа сіз айтып отырған 60 шақырым деген жұлмажұлма, ол жерге автокөліктер сынған көлігін жөндеу үшін тоқтайды, жүру үшін емес.

Тасжолдың тоз-тозын шығаратын тағы бір себеп – жүк тиеген көліктер. Біздегі асфальт ары кетсе 13 тонналық жүк көлігіне арналған. Бірақ жүріп өтетіндерінің салмағы одан бір жарым, екі есеге асып түседі. Бұның бәрін былай қойғанда, елде битум тапшы. Бұл – мұнайдан өңделетін тасжолға керекті негізгі шикізат. Әрі бізде барының сапасы халықаралық стандартқа сай емес екен.

Биыл мемлекеттік қазынадан автожол саласын дамытуға 603 миллиард теңге бөлініпті. Болашақта министрлік бұл шығынды ақылы жолдар арқылы азайтпақ. Яғни 2025 жылға дейін 11 километр тасжол ақылы болады. Одан түскен қаражат сол жолды жақсартуға жұмсалады. Қаражат демекші, осы жылдың алғашқы алты айында жол саласына қатысты 15 жемқорлық дерегі тіркеліпті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде