{metadescription}
Петропавлдықтар қорқынышты, қатты дыбыстан шошып оянды
Петропавлдықтар қорқынышты, қатты дыбыстан шошып оянды

Петропавлдықтар қорқынышты, қатты дыбыстан шошып оянды

Петропавл тұрғындары құлақ тұндыратын қатты дыбыстан шошып оянды. Бұрын-соңды мұндайды естімегендер қалаға бөтен ғаламшарлықтар ұшып келді деп ойлаған екен.

Түн ортасында жұрттың ұйықысын бұзған гуіл жылу электр орталығынан шыққан. Түсініксіз дыбыстан үрейленгендер тіпті терезесін жауып алған. Ал шуды жазып алғандар әлеуметтік желіде өз болжамымен бөлісті. Бірі қалаға әскери ұшақ келіп қонды десе, енді бірі ауыр зат құлады деп болжады. Сөйтсе жылу-электр орталығында ауа шығару жұмысы жүргізіліпті. Яғни төрт қазандықтың құрылғысы тазартылған. Энергетиктер бұл жоспарлы жұмыс дейді.

Дмитрий Захаров, Петропавл жылу-электр орталығының директоры:

- Атмосфераға бу қысыммен шығарылады. Қазандықтан  сағатына шамамен 200 тонна бу шамамен 50-60 килограмм қысыммен шығарылды. Өте үлкен күш. Әрине, мұндайдан кейін дыбыс шығады. Жалпы алдағы уақытта тағы да осындай жұмыстарды жүргізу жоспарланған. Бұл жұмыстың атқарылатын күні мен уақыты туралы қала тұрғындарына әлеуметтік желілерде қосымша хабарлаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде