Темір қоршауға түйрелген көліктегі жүргізуші аман қалды – Павлодар
Павлодарда жан түршіктірген жол апаты болды. ВАЗ көлігі жол жиегіндегі темір қоршауға киіліп қалған. 22 жастағы жүргізуші түйрелген техникадан ауыр жарақат алғанымен, аман қалды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
17.10.2022
Жол жиегіндегі темір қоршау көліктің алдыңғы әйнегінен кіріп, артқы жүк салғышы мен дөңгелек тұсынан бір-ақ шыққан. Полицейлер жүргізуші жылдамдықты шамадан тыс асырып, рөлге ие бола алмай қалған дейді. Қазір 22 жастағы жігіт бір ажалдан аман қалғанымен, жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйегі сынып, миы шайқалған және қолы сынған дейді дәрігерлер – жағдайы тым ауыр. Ал апаттың нақты себеп-салдары анықталып жатыр.
Жанна Белялова, Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы:
- ВАЗ маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай металл қоршауға соғылды. Жол көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жүргізуші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қамалды. Тексеріс жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!