{metadescription}
МӘМС: Емханаға тіркелген Ресей азаматы ем-дом алуға құқылы
МӘМС: Емханаға тіркелген Ресей азаматы ем-дом алуға құқылы

МӘМС: Емханаға тіркелген Ресей азаматы ем-дом алуға құқылы

Алматы емханаларында 22 мыңға жуық шетелдік тіркелген. Оның бес мыңнан астамы – Ресей азаматы. Олар отбасымен бірге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында толыққанды тегін ем-дом алуға құқылы. 

Былтыр шетелдіктерге алғашқы медициналық көмек көрсететін ұйымдарды тіркеу ережесі өзгертілген болатын. Жаңа талапқа сәйкес, Қазақстанда тұратын және тұруға ыхтияр хаты бар өзге елдің азаматтарында медициналық мекемемен сақтандыру шарты болуға тиіс. Соның аясында олар отандастарымызбен бірдей міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі құқығын пайдалана алады.

Ал ел аумағында уақытша жүрген туристер мен еңбек мигранттарын емханаға бекіту ерікті медициналық сақтандыру шартының негізінде жүзеге асырылады. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден келген еңбек мигранттарына да талап осындай. Шаһарда 73 ұйым алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді. Оның жартысы жекеменшік клиникалар. Емханаға тіркелу науқаны 15-қарашаға дейін жалғасады.

Ләйлә Иманғалиева, Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің басшысы:

- Шетел азаматтары осы уақытша тұру қағаздарымен міндетті түрде тіркеледі. Еңбек мигрантын тіркеу кезінде де осы құжат болу қажет. Өйткені онда шетелдіктің болу мерзімі көрсетілген. Және дәл осы мерзімде медициналық ұйым медициналық көмек көрсетеді. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін шетелдік азамат ұйымнан автоматты түрде шығарылады. Өтініш беруші медициналық ұйымға жеке өзі өтініш беру керек немесе оны ерікті медициналық сақтандыру шартын бекіткен ұйым өкілдері істеу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде