{metadescription}
«Қайырымдылық керуені»: Қарағанды облысында жаны жомарт жандарды анықтап жатыр
«Қайырымдылық керуені»: Қарағанды облысында жаны жомарт жандарды анықтап жатыр

«Қайырымдылық керуені»: Қарағанды облысында жаны жомарт жандарды анықтап жатыр

Қарағанды облысында ізгі іске құмар жандарды анықтау басталды. Республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауына бүгіннен бастап өтініш беруге болады. «Қайырымдылық керуені» осымен бесінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. 

Онда ел дамуына қомақты үлес қосқан батыл да қамқор және жомарт жандар анықталады. Өткен жылы конкурсқа мыңнан аса қазақстандық қатысқан болатын. Байқау Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы және «КТК» телеарнасының қолдауымен ұйымдастырылады. Жоба жеңімпаздары Астанаға арнайы шақыртылып, оларға сол жерде қошамет көрсетеліп, бағалы сыйлықтар табысталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ерлік жасаған азаматтардың көбі өзін көрсетуге қысылады. Сондықтан ондай қарапайым жандарды білетін  болсаңыздар, сырттай өтініш тастауға рұқсат.  

Фариза Тоққожа, Жас қанаттар лидері:

- Қазақстанның дамуына қомақты үлес қосқан азаматты білетін болсаңыздар, сол кісілер үшін анкета толтыруды сұраймыз. Өйткені ондай адамдар өзін көрсетуден қысылады. Біз сондай кісілерді іздейдеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде