{metadescription}
Аң аулаймын деп ажал құшты – Қарағанды облысы
Аң аулаймын деп ажал құшты – Қарағанды облысы

Аң аулаймын деп ажал құшты – Қарағанды облысы

Аң аулаймын деп ажал құшты. Қарағанды облысында саятшылық құрған бір топ адам өрт құрсауында қалып, біреуі мерт болды. Денесін күйік шалған тағы бір азамат ауруханада жатыр.

Мәліметтерге сүйенсек, жергілікті тұрғындар аң атуға барған. Жарты жолда машинадан өрт шыққан. Құрғақ шөпке тиген от лезде лаулап өршіген. Төрт азамат өртті сөндіруге жанталасқанымен еш нәтиже болмаған. Әбден шаршаған олар қара түтіннен бір-бірін көрмей адасып қалыпты. Аңшылардың біреуінің денесін күйік шалып ауруханаға жеткізілді. Ал 31 жастағы ер адамның денесі ертесі күні бір-ақ табылған. Қазір марқұмның нақты неден өлгені анықталып жатыр. 

Нұрлан Жақыпбаев, Қарағанды облысы ТЖД басқарма бастығы:

- Бүгін таңертең 1991 жылы туған аңшылардың бірінің мәйіті табылды. Зардап шеккен азаматтың  түсіндірмесі бойынша, далада жүріп келе жатқанда көлік коллекторы жанып, шөп өртенген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде