{metadescription}
Елде 300 мыңнан аса шетел көлігі жеңіл тәртіппен рәсімделеді
Елде 300 мыңнан аса шетел көлігі жеңіл тәртіппен рәсімделеді

Елде 300 мыңнан аса шетел көлігі жеңіл тәртіппен рәсімделеді

Елімізде 300 мыңнан аса шетел көлігі жеңілдетілген тәртіппен рәсімделетін болады. Тиісті заң қабылданған соң, бұл көлік иелеріне тек алғашқы тіркеуіне ақы төлесе жеткілікті. Ал оның көлемі 200-250 мың теңге шамасында.

Ішкі істер министрінің айтуынша, тіркеуге тек биыл 1 қыркүйекке дейін Қазақстан аумағына кірген көліктер жатады. Естеріңізде болса, президент соңғы жолдауында осындай көліктерді жеңілдетілген тәртіппен рәсімдеуге рұқсат берген. Қазір осы тапсырманы жүзеге асыру үшін жауаптылар арнайы заң дайындап жатыр. «Негізі жұмыс тек аталмыш заң қабылданғаннан кейін басталады. «Оның нақты мерзімі әлі белгісіз. Сол себепті  қазірден бастап ажиотаж жасаудың қажеті жоқ» - деді министр Ахметжанов.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Заңды біз дайындап жатқан жоқпыз. Әріптестерім дайындап жатыр. Салық пен Экология кодекстеріне енгізілетін тиісті өзгерістерді өкілетті министрліктер дайындап жатыр. Президенттің тапсырмасы бар. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданады деп жоспарланып отыр. Заң қабылданған соң ережені дайындаймыз, яғни көліктерді қалай заңдастыруға болатынын пысықтаймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.