{metadescription}
Қарағандыда бағалы минералдарды саудалаған топ құрықталды
Қарағандыда бағалы минералдарды саудалаған топ құрықталды

Қарағандыда бағалы минералдарды саудалаған топ құрықталды

Қарағандыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полицейлер бағалы минералдарды саудалаған топты құрықтады. Олар Қарағанды мен Павлодар облыстарының аумағынан терілген қымбат тастарды саудалап жатқанда қолға түсті.

Павлодар және Қарағанды облысының төрт тұрғыны қаладағы кеңседе бағалы тастарды саудалап отырғанда арнайы жасақ үстінен түсті. Аметист, агат, бирюза, варисцит сияқты жалпы салмағы 550 келі бағалы тас тәркіленген. Бұл минералдардың бір келісі қара нарықта 500 долларға дейін бағаланады. Тінту кезінде кеңседен 27 мың доллар, 3 жарым мың рубль және 600 мың теңге табылды. Бұлардың ізіне тәртіп сақшылары шілдеден бері түсіп, құрықтау үшін сауда болатын күнді күткен.

Сонымен қатар Қарағандыдан 130 шақырым жердегі каръерде бағалы тас теріп жүрген тағы үш сыбайласы ұсталды. Олардан 38 келі минерал тәркіленген.

Бақытжан Құдияров Қарағанды облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Тастарды Павлодар және Қарағанды облысы аумағандағы далалы жерде өндірген. Аталған фактімен ҚР ҚК 334-бабы - бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл қылмыстық істің негізінде күдіктілерді бес ылға бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде