{metadescription}
ӘМ: Ресейден келіп жатқандар шыққандардан аз
ӘМ: Ресейден келіп жатқандар шыққандардан аз

ӘМ: Ресейден келіп жатқандар шыққандардан аз

Кеткендері келгендерінен көп. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанға кіріп жатқандар ресейліктердің саны тұрақталған.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Қазір бұрынғы қалыпқа келдік. Ресейден келіп жатқан азаматтардың саны шығып жатқандарынан аз. Тәулігінде 89 мың азамат келеді. 10-11 мың азамат шығып отыр. Ол күнделікті, бұрынғы келген нормаға кірдік.

Жалпы жыл басынан бері 382 ресейлік Қазақстаннан тұрғылықты мекенжай сұраса, оның 62-сі – азаматтық алған. Ал жеке сәйкестендіру нөмірін алғандар анағұрлым көбірек – 70 мың.

Бұған дейін Үкімет бұны азаматтықпен шатастырмау керектігін айтқан. Жеке сәйкестендіру нөмірі көрші мемлекеттен келгендерге тек кей қызмет алуға мүмкіндік береді. Ресейде ішінара мобилизация жариялағаннан кейін көрші ел азаматтары жаппай шетел асқан болатын. Оның 280 мыңы Қазақстан шекарасынан өткен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде