{metadescription}
Балаларға дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды – Павлодар
Балаларға дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды – Павлодар

Балаларға дөрекілік көрсеткен тәрбиеші жұмыстан шығарылды – Павлодар

Балаларға дөрекілік көрсетіп, денесін көгертті деген Павлодардағы арнайы балабақшаның тәрбиешісі жұмыстан шеттетілді. Қазір педагогтың іс-әрекеті зерделеніп жатыр. Оның тәрбиеленушілерге жарақат келтіргені расталса, жауапқа тартылады. 

Тілектес Есенова, Павлодар №52 арнайы балабақша басшысы:

- Мен бұл оқиға жаман сөз алып келді деп ойлап тұрған жоқпын. Біз тәрбиешіні жұмыстан босатып, қазір әкімшілік шешім шығады, содан көреміз, қандай шешім шығатынын. Қазір ол туралы ештеңе айта алмаймын.

Павлодарда бір топ ата-ана құзырлы орындарға шағым түсірген. Олардың дүрлігуіне видеокадрдаға көрініс себеп. Онда тәрбиеші ұйықтап жатқан әр баланың жамылғышын ашып, негізсіз түрткілеп жүреді. Арызданушылар соның кесірінен ұл-қыздарымыздың денесінде сырылған және көгерген іздер пайда болды деп наразылық білдірген. Ата-аналар педагогтың неліктен балақайларға қол жұмсағанын түсінбейді. Мекемеде болған жағдайдың жай-жапсарын да білмей отыр. Себебі, видеоның жартысы сақталмапты. Соған қарағанда мұнда одан да сорақы жағдай болды ма деп күдіктенеді. Ашуға мінген жандар маманды қатаң жазалауды талап етуде. Ал мектепке дейінгі мекеме басшысы әліптің артын бағайық дейді. Өзі де осы жағдай үшін сөгіс алған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде