{metadescription}
Тұрғын үйге құлаған әскери ұшақ апатынан 13 адам көз жұмған – Ресей
Тұрғын үйге құлаған әскери ұшақ апатынан 13 адам көз жұмған – Ресей

Тұрғын үйге құлаған әскери ұшақ апатынан 13 адам көз жұмған – Ресей

Ресейде әскери ұшақтың тұрғын үйге құлағанда қаза тапқандар саны 13-ке жетті. Арасында үш бала бар. Апаттан 19 адам түрлі жарақат алған. Қазір екі  бала мен екі ересек адам өте ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.

- Тарстұрс! Ол не? Білмеймін. Мұндай өртті өмірімде көрген емеспін. Тап біздің үйдің жанында. Неліктен осындай жағдай болды?!

Ейск қаласындағы Су-34 жойғыш-бомбалаушы ұшағының құлап бара жатқан сәті бақылау камераларына түсіп қалған. Бейнеадрлардан отқа оранған әскери ұшақтың көпқабатты тұрғын үйге құлағанын көруге болады. Ал техниканы тізгіндеген екі ұшқыш катапультпен секіріп үлгерген. Көпқабатты нысанға соғылған әуе техникасынан жанармай төгіліп, арты алапат өртке ұласқан. Өрт екі мың шаршы метрді шарпып, тоғыз қабатты тұрғын үйдің 72 пәтері адам тұруға жарамыз боп қалды. Түтінге тұншығып мерт болғандардан бөлек, үш тұрғын лапылдап жатқан үйдің терезесінен секіріп бақилық болған. Апат орнынан 68 адам құтқарылып, 360 тұрғын эвакуацияланды.

Ресейдің Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оқу-жаттығу кезінде СУ-34 ұшағы жергілікті аэродромнан ұшып шыққан кезде қозғалтқыштарының бірі өртенген. Қазір тергеушілер апаттың мән-жәйін анықтап жатыр. Ұшу ережесін бұзу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде