{metadescription}
Сырттай оқытылатын мамандықтар тізімі қысқартылды
Сырттай оқытылатын мамандықтар тізімі қысқартылды

Сырттай оқытылатын мамандықтар тізімі қысқартылды

Сырттай оқитын мамандықтар тізімі қысқартылды. Енді колледж студенттері тек 23 мамандық бойынша қашықтан білім ала алады. Яғни ЖОО-да оқу-ағарту министрлігі физика, математика ғылымдары, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, химиялық инженерия, электротехника мен механика, металл өңдеу мамандығы бойынша оқуды дәстүрлі форматқа ауыстыды.

Бұған жас мамандардың өз саласын жетік меңгермеуі себеп екен. Ал тәжірибенің жоқтығынан жұмыссыз жүрген жастар саны күн санап артып барады.

Студенттер екі жыл бұрын 140-қа жуық мамандық бойынша сырттай білім алып келсе, енді оның саны 23-ке дейін ғана қысқартылды. Оқу-ағарту министрлігіндегілердің басқа амалы жоқ. Өйткені оқытудың бұл түрі студенттерге терең білім мен мол тәжірибені бере алмағанына көзі толық  жеткен сыңайлы. Соның салдарынан елімізде өз саласын жетік білмейтін жас мамандардың қаптап кеткен. 

Алтай Рахымберлин, Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім басқармасының басшысы:

- Аталған мамандықтар бойынша күндізгі оқуға көшірілу жүріп жатыр. Біз мұны кезеңкезеңімен жасаймыз. Техникалық мамандықтарда сырттай оқыту салдарынан студенттердің білім сапасы төмендеп кеткен. Оқытудың бұл түрін азайтып, дуальды оқытуға көшеміз. Яғни өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибенің кемінде 60 пайызын көздеп отырмыз.

Осылайша техник-электроник, технолог, техник-құрылысшы, тазалау құрылыстары технологы, табиғи ресурсты қорғау және ұтымды пайдалану, пайдалы қазба кен орындарын іздеу мен барлау технологиясы мен техникасы, гидрогеология және инженерлік геология, ақпарат қауіпсіздігі жүйесі, химиялық технология және өндіріс , зертханалық технология және т.б. мамандықтар бойынша сырттай оқыту алынып тасталды. Бұл шешімді арнайы білім беру мекемелерінің оқытушылары да бірауыздан құптап отыр.

Ардақ Шошабай, Астана политехникалық жоғары колледжінің бөлім меңгерушісі:

- Қазір сырттай оқу бөлімінен гөрі, ішкі білім беру актуалды. Өйткені білім беру бағдарламасын теория маңызын 60-ақ пайыз құрайды. Ал тәжірибе мүлдем өткізілмейді. Төрт мамандыққа ауыстырылды, іштей және сырттай. Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету мамандығы. жөндеу және пайдалану, құрылыс бөлімі, экономистер, туристер.

Еліміздегі есепшілер де бухгалтерлік және аудит мамандығы білім ордасында оқытылатынына қуануда. Айтуларынша, мектепті енді бітірген түлектің есеп-қисапты сырттай оқығаны дұрыс емес. Қаптаған формуланы аудиторияда миға тоқымаған студент жөні түзу маман болатынына сенбейді. 

Шолпан Бертісбаева, кәсіби бухгалтерлер ұйымы алқа кеңесінің төрайымы:

- Сырттай оқу жұмыс істеп жүрген студенттерге тиімді. Өз жұмыс орнында керекті білімін, тәжірибесін алады. Бірақ мектепті енді бітірген студентке тиімділігі екіталай дүние. Тәжірибесі жоқ. Оларға көзбекөз оқыған тиімді. Колледж студенттері көзбе-көз, университетке барып оқығаны дұрыс.

Министрліктегілер бұл бұйрықтың қазір сырттай оқып жатқандарға қатысы жоғын айтады. Жалпы елімізде қазір  770 колледж бар. Онда барлығы 500 мыңға жуық студент білім алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде