{metadescription}
Ақтау-Жетібай тасжолында жолаушылар автобусы өртенді
Ақтау-Жетібай тасжолында жолаушылар автобусы өртенді

Ақтау-Жетібай тасжолында жолаушылар автобусы өртенді

Ақтау-Жетібай тасжолында жолаушылар автобусы отқа оранып, күре жолдағы көлік қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтатылды.

Қызыл жалын жалмаған Setra маркалы автобус Өзбекстаннан келе жатты деген дерек айтылуда. Жол-жөнекей электр сымынан ақау шығы, өртенген. Құтқарушылар келгенше автобус ішіндегі жолаушылар сыртқа өздері шығып үлгерген, бірақ өртті өшіре алмаған. Техниканың түгі қалмай жанып, қаңқасы ғана жатыр.

Қазір өрттің нақты неден тұтанғаны анықталып жатыр. Ал оқиға куәгерлері апат кесірінен жол екі сағатқа жабылып, қозғалыстың қиындағанын айтады.

Мейрамбек  Исаев, Маңғыстау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау қызметкері:

- Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкер мен үш техника жұмылдырылды. Өрт сағат 21:30-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі – тоқ сымының қысқа тұйықталуынан. Маңғыстау облысында 58 автокөлік өрті тіркелген болатын. Өткен жылмен салыстырғанда 1,6 пайызға азайып отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде