{metadescription}
Алматы әуе базасында оқушылар әскери техниканың қыр-сырымен танысты
Алматы әуе базасында оқушылар әскери техниканың қыр-сырымен танысты

Алматы әуе базасында оқушылар әскери техниканың қыр-сырымен танысты

Бүгін Алматыдағы жалғыз әуе базасында Ашық есік күні өткізіліп, оқушылар әскери техникамен жақын танысты. Жас ұрпақты авиацияның қыр-сырына қанықтыру Балалар жылы аясында жасалған ерекше тарту.

Нөсер жауын астында сап түзеген бозбалаларға бүгін естен кетпес күн болды. Әскери өмірге қызыққан оқушылардың әрқайсысы осы тұрақтағы тікұшақтардың ішіне отырып тізгіндемесе де, әуе техникасының қыр-сырын біліп қайтты.

Ал ұшқыштар кабинадағы жабдықтардың қызметімен таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шараны әуе қорғаныс күштерінің әуе базасы мен Медеу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.  

Дархан Ербұланұлы, ұшқыш-штурман:

- Әскери бөлімде бар техникаларды көрсеттік. Оның ішінде МИ17, МИ-35, Еurocopter сияқты тікұшақтарды көрді. Тікұшаққа қазір адамдардың қызығушылығы басым және де ішіндегі барлық техникамен таныстыру – ең бірінші міндетіміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

21 қыркүйек

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде