ОСК: Қарақат Әбденнің кандидатурасы ресми тіркелді
Президент болғысы келетіндердің қатары толықты. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қарақат Әбденнің кандидатурасын ресми түрде тіркеді. Оны Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы ұсыныпты.
Автор: Елдос Есенбол
19.10.2022
48 жастағы үміткер бұған дейінгі кезеңдердің бәрінен сүрінбей өткен. Мемлекеттік тілді еркін меңгеретінін дәледеді. Өткен аптада Орталық сайлау комиссиясы оны талаптарға толық сай деп мәлімдеген. Кандидат Әбденнің жақтастары елдің 15 өңірінен 121 мыңнан астам азаматтың қолын жинап үлгеріпті. Орталық сайлау комиссиясы оның 118 мыңын «жарамды» деп таныған. Бұл үміткерді кандидат ретінде тіркеуге жеткілікті. Осылайша Қарақат Әбден – ресми тіркелген төртінші үміткер. Бұған дейін қазіргі президент Қасым-Жомарт Жомарт Тоқаев, «Аманат» кәсіподақтар достастығынан Мейрам Қажыкен, «Ауыл» партиясынан Жигули Дайрабаев кандидат куәлігін алған еді.
Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:
- Бүгін маңызды қадамнан өттім. Қажет дауысқа қол жетіп, қолыма кандидат куәлігін алдым. Енді осы сәтті пайдалана отырып, мені қолдаған, маған тілектес болған еліміздің әр азаматына рақметімді айтқым келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!