{metadescription}
Алматыдағы көпқабатты үйге салынған мурал қалпына келтіріледі
Алматыдағы көпқабатты үйге салынған мурал қалпына келтіріледі

Алматыдағы көпқабатты үйге салынған мурал қалпына келтіріледі

Артық қыламын деп тыртық қылған. Алматыдағы көпқабатты үйдің қасбетіне әжесі мен екі немересі бейнеленген мурал қалпына келтірілетін болды. Композицияны шаһардың орталығындағы үйлерді әрлеп жүрген мердігер түгел бояп тастаған. Алайда автор муралды түпнұсқасындай қылып шығару оңай шаруа емес деп отыр.

Сәуле Сүлейменова, суретші:

- Муралды бояп тастағанын мен алдыңғы күні әлеуметтік желіден білдім. Сол уақыттан бері маған жүздеген хаттар келді. Мен күтпедім. Әрине, жұмыстың қайта қалпына келтірілгенін қалаймын. Бірақ муралды дәл солай қайталап салу өте қиын.

Әжесі мен екі немересі бейнеленген мурал осыдан үш жыл бұрын Сейфуллин көшесіндегі көпқабатты үйдің қасбетіне салынған. Ерлі-зайыпты суретшілер оған екі апта уақытын сарп еткен. Қазір мұнда композицияның болғаны да байқалмайды. Өзіне шаң жуытпаған әкімдіктегілер муралды жөндеу жасаған мердігер бояп тастаған деп отыр. Өйткені қазір қала орталығындағы тұрғын үйлердің сырты біртіндеп жөнделіп жатыр екен. Ал муралмен безендірілген ғимарат 40 жыл бойы жөндеу көрмепті. Осылайша құрылыс компаниясы сылағы құлап жатқан нысанды қалпына келтірумен қоса муралды да толық бояп тастаған. Енді атқамінерлер мердігердің есебінен композицияны бір аптада жаңалап береміз деп сендірді.

Руслан Айтанов, Алмалы ауданы коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Мердігерлер өз тарапынан үйдің қасбетін жөндеу жұмысын және қалпына келтіруде муралды сырлап тастаған. Сондықтан муралды мердігердің өзі қалпына келтіреді. Ол жұмыс негізі бірекіде басталып кетеді. Жаңбыр жаумаса, бір аптаның ішінде бітіреміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде