{metadescription}
Қаңтар оқиғасына қатысқан мың жарымдай адамның жазасы жеңілдетіледі
Қаңтар оқиғасына қатысқан мың жарымдай адамның жазасы жеңілдетіледі

Қаңтар оқиғасына қатысқан мың жарымдай адамның жазасы жеңілдетіледі

Қаңтар оқиғасына қатысып істі болған мың жарымдай азаматтың жазасы жеңілдетіледі. Бүгін Мәжіліс «Рақымшылық туралы» Заң жобасын мақұлдады. Арандатуға еріп, ойланбай шалыс басқандарға мемлекет кешірім жасамақ.  

Әсет Шындалиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Бір жарым мыңдай адам ілігеді. Басым бөлігі қарапайым азаматтар. Жаппай тәртіпсіздікке қатысқандар, ұрлық жасағандар және басқа қылмыс жасағандар. Азаптау бойынша қазір 11 іс тергеуде. Тағы бес іс аяқталды. Аталған бес іс бойынша 23 адамға айып тағайындалды.

«Ұсталғандарды азаптап, күш көрсетіп ұрып-соққандарға кешірім жоқ», - дейді Бас прокурордың орынбасары. Кешірім – Отанына опасыздық жасап, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандарға да жоқ. Осындай айыппен қамалған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қылмыстық іс материалдарымен әлі танысып жатыр.  Соттың уақыты содан кейін ғана белгілі болады.

Жалпы құқық қорғау органдарынан 29 адам ауыр баппен жазаға тартылады. Оның 17-сі – полиция, 12-сі – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері. Олар қызметін асыра пайдаланғандар. Құқық қорғау органдарынан бір азамат қана рақымшылыққа ілігуі мүмкін. Себебі, ол қылмысты жасыру бабымен тергеліп жатыр деп түсіндірді жауаптылар. Рақымшылыққа терроризм бабы бойынша тергеліп жатқандар да ілікпейді.

Гүлнар Бижанова, Мәжіліс депутаты:

- Біз соның ішіндегі жастардың негізгі бөлігі 0 қылмыскерлердің, тәртіпсіздік ұйымдастырушылардың қолшоқпары болғанына көз жеткізе алдық. Олар қатты өкініп, кінәсін мойындады. Мемлекет ауыр қылмыс жасамаған қатысушыларға жазаны жеңілдетті. Бүгінде 1 060 адам сотталды, олардың тек 106-сы нақты бас бостандығынан айырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде