Алматыда тұмаумен ауырғандар саны 30 мыңнан асты
Елімізде тұмау өршіп тұр. Әсіресе Алматы қаласында жедел респираторлы вирусты жұқтырғандар көп. Шаһарда соңғы екі айда суық тиіп сырқаттанғандар саны 30 мыңнан асып кеткен.
Автор: Салтанат Шырынхан
19.10.2022
Бұл тек емдеу мекемелеріне жүгінгендер. Дәрігерлер вирустық инфекцияның нағыз асқынатын маусымында дерттен сақтанудың жалғыз жолы – екпе салдыру дейді.
Бүгінде қалада жедел респираторлы вирусты балалардан гөрі ересектер көптеп жұқтырып жатыр. Дәрігерлер вирустың тез таралуына қазіргі құбылмалы ауа райы себеп дейді. Сондай-ақ тұмауды коронавируспен шатастырмау керегін ескер.
Жалпы жұқпалы вирусты алдын алудың ең сенімді жолы– уақтылы вакцинация. Екпені салдырған соң иммунитет 14 күннен кейін қалыптасып, адам ағзасында бір жыл бойы сақталады.
Бақжанар Мұхамадиева, Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас эпидемиологы:
- Вакцинациялауға жататын контингенттер: балалар, аяғы ауыр әйелдер. Қарт адамдар, 50 жастан жоғары және созылмалы ауруы барлар. Вакцинаны эпидемияға қарсы кезеңде өткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!