{metadescription}
Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысты сот өтіп жатыр
Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысты сот өтіп жатыр

Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысты сот өтіп жатыр

Қаңтар оқиғасына қатысты соттың бірі Ақтөбеде өтіп жатыр. Айыпталушы орындығында – 18 адам. Оларға «билік өкіліне қарсы күш қолданды», «қару-жарақ ұрлады» және «жаппай тәртіпсіздікке қатысты» баптары бойынша іс қозғалған. Бірақ сотталушылар бұл айыптармен келіспейді.

Қаңтар оқиғасына қатысты Ақтөбе облысы сотына 20 іс түскен. 39 адам жәбірленуші ретінде танылыпты. Барлығы тәртіп сақшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері. Бүгін олар оқиғаның қалай болғанын және қалай жарақат алғанын айтып берді.

Ақтөбеде 4 қаңтарда басталған митингтің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласып, облыс әкімдігі ғимаратына шабуыл жасалған болатын. Есік-терезесін сындырып, ішіндегі мүлкін бүлдірген. Шығын 300 миллион теңгеден асады.

- 5 қаңтар күні шамамен сағат 10-да жаппай бассыздық басталды. Қолына түскен заттарды – ағаш, тас лақтырды. Шепте тұрған бізге қарай тұтанатын түтінді тұманды бізге қайта, кері қарай лақтырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде