{metadescription}
Оралда ескі үйдің астынан адамның сүйектері табылды
Оралда ескі үйдің астынан адамның сүйектері табылды

Оралда ескі үйдің астынан адамның сүйектері табылды

Оралда ескі үйлердің астынан адамның сүйектері табылды. Қазір полицейлер қаңқаның кімдікі екенін анықтау үшін сүйектерді сараптамаға жіберді.

Адамның сүйектері қаланың ескі бөлігінен шыққан. Оны ескі тиын іздеген қала тұрғыны тауып алыпты. Ол үйдің шатыры мен жертөлесінен былтыр да  үш адамның сүйегін тапқанан айтады. Осындағы апаттық жағдайда тұрған ескі үйді сүріп тастап орнына жаңасын салайын деп жатқанда 11 бас және  323 дене сүйегі табылған. Тұрғындар бұл қаңқалар кісі қолынан өлген адамдардың сүйегі болуы мүмкін деген болжам айтуда. Алайд, мамандар қаланың ескі бөлігінде көне зират көп болған дейді. Кейін бәрін сүріп тастаған. Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр.

Лунара Аманғалиева, БҚО ПД баспасөз қызметкері:

- Аталған жерге жеделтергеу тобы барып, оқиға болған жерді тексергенде адамның қаңқасын тауып, сот-медициналық сараптамаға жіберді. Қылмыстық іске сәйкес, сот-медициналық сараптамасының нәтижесімен заңды іс жүргізу шешімі қабылданады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.