{metadescription}
Семейліктер қала төңірегін қоқыс төгетін полигонға айналдырған
Семейліктер қала төңірегін қоқыс төгетін полигонға айналдырған

Семейліктер қала төңірегін қоқыс төгетін полигонға айналдырған

Семейдің төңірегі тұрмыстық қалдық төгетін полигонға айналған. Ғарыштық мониторинг жүргізгенде шаһардың 298 жерінен заңсыз қоқыс алаңы анықталды.

Шаһардың айналасын күл-қоқысқа толтырған тұрғындардың өзі екен. Себебі, жұрт тазалыққа жауапты мекемелерге көк тиын төлегісі келмейді дейді атқамінерлер. Соның салдарынан сегіз ықшамауданының айналасы күл-қоқысқа толған. Атап айтқанда, Энергетик, Бобровка кенті мен Құс фабрикасы, Ескі әуежай аумағы адам көргісіз күйге түскен. Тіпті жаңа бой көтерген Қарағайлы шағы ауданын да қоқыс басқан. Сонау ғарыштан көрінген тұрмыстық қалдықтарды қазір тазартып жатыр.    

Аян Бегалова, Семей қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы:

- "Ғарыш сапары" мониторингі бойынша қаладан 298 қоқыс алаңы анықталды. Осы жұмысты атқаруға қаладан 11 мекеме жұмылдырылды. Жұмыстың біту уақыты 15 қарашаға бекітілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде