{metadescription}
Қарағанды облысында бір айда 3 жарым мыңнан астам адам тұмау жұқтырған
Қарағанды облысында бір айда 3 жарым мыңнан астам адам тұмау жұқтырған

Қарағанды облысында бір айда 3 жарым мыңнан астам адам тұмау жұқтырған

Қарағанды облысында жедел респираторлық-вирустық инфекцияларға қарсы күрес басталды. Өйткені айдың басынан бері өңірде тұмауды 3 жарым мыңнан астам адам жұқтырыпты. Оның жартысынан көбі – балалар. СЭС мамандары маусымдық кеселге қарсы вакцина егуді бастағалы жатыр.

Дегенмен бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда төмен екен. Бірақ тұмауратқандардың көпшілігі – балалар. Сондықтан дәрігерлер баладан аурудың алғашқы белгілерін көре сала дәрігерге жүгіну керектігін ескертеді. Өйткені қазір ауруханаларда тұмауды асқындырып, тіпті пневмониямен түсіп жатқан жеткіншектер көбейіпті.

   СЭС мамандары аурудың алдын алу үшін қарапайым гигиена талаптарын сақтау, үлкен машақаттың алдын алатынын айтады. Ал вирусты жолатпайтын жалғыз тәсіл – вакцинация. Екпені жағдайы төмен отбасылар тегін алады, басқалары ақылы негізде.

Жакия Жәшібекова, Қарағанды облысы санитария-эпидемиологияны  бақылау департаментінің бөлім жетекшісі:

- Әлсіз сезініп, тұмауға шалдыққныңызды сезсеңіз, қоғамдық орындарға бармай, дәрігерді үйге шақыртыңыз. Дегенмен оған толық тосқауылды вакцина ғана қоя алады. Әдетте тұмау жұқтыру желтоқсан мен қаңтар айларында өршитін. Биыл ерте біліне бастағандықтан, алда науқас саны  артады деп болжап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде