{metadescription}
СІМ: Украина аумағында екі жүздей қазақстандық жүр
СІМ: Украина аумағында екі жүздей қазақстандық жүр

СІМ: Украина аумағында екі жүздей қазақстандық жүр

Украина аумағында шамамен екі жүздей қазақстандық жүр. Отандастарымыз елшілікпен байланысып отыр, азаматтарға жан-жақты қолдау көрсетілуде деді бүгін сыртқы істер министрі.

Украинадағы жағдай ушыққан соң, ондағы біраз қазақстандық елімізге қайтып келген. Биыл ақпан - наурыз айларында Қазақстан тарапы бірнеше әуе рейсімен 800-ге жуық отандасымызды эвакуациялаған. Қазір де мұндай жұмысқа Польша мен Молдова шекарасы ашық деді министр Мұхтар Тілеуберді. Бірақ арнайы рейс ұйымдастыру жоспарланып жатқан жоқ. Дегенмен қазақстандық дипломаттардың көбі Польша мен Молдоваға уақытша ауысыпты. Киевте отандастырымызға жәрдем беру мақсатында тек консул қалған.

Мұхтар Тілеуберді, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Елшіліміз Киевте жабылып жатқан жоқ. Толық эвакуация туралы мәселе туған жоқ. Елшілігімізді біз уақытша басқа жерге ауыстырып жатырмыз. Дипломаттар мен елшіліктеріміздің көбі Польша мен Молдовадағы елшіліктерімізге барып қызметін атқарып жатыр.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде