Атырау магистраль желі бөлімшесінің директоры қамауға алынды
Атыраудағы «Қазақстан темір жолы» АҚ «Атырау магистраль желі бөлімшесі» филиалының директоры қамауға алынды. Антикордың мәліметінше, Елубай Сапаров қызмет бабын пайдаланып кәсіпкерден 1 жарым миллион теңге пара алған.
Автор: Жанат Молдашова
20.10.2022
Қазір лауазымды тұлға тергеу абақтысында отыр. Тергеу осыдан бір ай бұрын басталған. Бірақ Атырау облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бұл іске қатысты өзге ақпарат жариялауға болмайтынын айтты.
Нұрлан Жахин, Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары:
- Өзге де жәбірленушілерді анықтау мақсатында Сапаровтың құқыққа қайшы әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл департаментіне дереу хабарлауды сұраймыз: 71-75-07, 8702 609 68 49. Өзге ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне сай, жария етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!