{metadescription}
Әкіммен кездесу: Бірі Досаевты мақтаса, бірі көз жасына ерік берді
Әкіммен кездесу: Бірі Досаевты мақтаса, бірі көз жасына ерік берді

Әкіммен кездесу: Бірі Досаевты мақтаса, бірі көз жасына ерік берді

Алматыда делдалдардардың кесірінен азық-түлік бағасы 40-50 пайызға қымбаттырақ.  Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың күн санап шарықтауын осылай түсіндірген Ерболат Досаев қалтасын қапайтуды ойлаған пысыққайларды нарықтан қууға уәде берді.

Бүгін қала тұрғындарымен кездесу өткізген Досаевқа ышқынған бағадан бөлек, сан сауал қойылды. Бірінің мәселесі сол жерде шешілсе, енді бір тұрғынның қолындағы микрофоны өшіп, сөзін аяқтай алмай қалды.

- О, ассалаумағалейкум, Ерболат мырза! Мені таныдың ба, танымадың ба? 

Ерболат Досаевтың қарияны танымайтыны да белгілі. Ақсақалдың қала әкіміне кіре алмай жүргеніне жеті ай болыпты. Бірақ Досаевқа бұл қызық емес. Тездетіп сұрақ қойса екен деп отыр.

- Сізге кіре алмай жүргеніме жеті ай болды. Сенесіз бе соған?

- Аға, қазір мына келгеніңізге, микрофон алдында тұрсыз, сұрағыңызды маған қойыңыз. Қандай сұрағыңыз бар?

Шырылдаған зейнеткердің айтқан мәселесі бірде естілсе, бірде естілмеді. Микрофон өшірулі. Досаев сөз соңында проблеманы шешуді өзгеге сілтеп, «ағаны» «апамен» шатастырып алды.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Онда керек болса, аппараттың бастығы бар. Қағазын алып, сізге неғылыңыз. Айтыңыз одан кейін. Рахмет, апа.

Бұл қала әкімінің Бостандық ауданындағы тұрғындармен үшінші рет кездесуі. Микрофон алдына шыққан жұрт қала әкіміне сұрақты кезек-кезек жаудырды. Бірі мәселесін Досаевты мақтап жеткізсе, енді бірі көз жасына ерік берді. Жауап біреу – шешеміз!Тұрғындар қазір жаппай жүріп жатқан тұмауды әдеттегіден кеш қосылған жылумен байланыстырып еді, бұл сұрақтан да Досаев сүттен ақ, судан таза болып шықты.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Қала жылу бермегеннен адамдар ауырып қалды деп, сіздің тамаша байланыстырған байламыңыз қисынға келмейді. Өйткені біз жылуды уақытында бердік, температура төмендеген соң. Байқасаңыз, жалғыз алматылықтар ғана ауырып жатқан жоқ. Егер Алматы ғана ауырса, мен өз кінәмді мойындар едім.

Кеш берілген жылудан бөлек – жол, жарық. Тұрғындарды тұқыртқан мәселе көп. Көптен бері қарапайым халықтың шымбайына батып отырған тақырыптардың бірі – азық-түлік бағасының қымбаттауы. Ол сұрақ та қойылды.

- Егер күріш жыл басында 230 теңге болса, қазір – 470. Қарақұмық 540 болатын, қазір 100-150 теңгеге қымбат. Айтыңызшы, қалада азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін қандай шара қолданып жатырсыз?

«Азық-түлік бағасының қымбаттауы – басты мәселе» деген Досаев биылға қала дайын деп отыр. Тіпті биыл 15 миллиард бөлініпті.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

- Делдалдардың схемасы – ең басты мәселе. Қаланың негізгі жеткізушілері – базарлар. Енді қаңтар айынан бастап делдалдарды тізбектен алып тастағымыз келеді. Бүгінде олар тек қалада тауардың негізгі бағасына 40-50 пайыз қосып сатады. Сондықтан біз тізбекті сәл азайтсақ, келесі жылы шаһарда баға өзгеруін байқаймыз.

Осылайша жыл соңына дейін белгіленген бағамен 85 мың тоннаға жуық әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жеткізу туралы келісім бар екен. Деладалдардан бөлек, қалаға бәрі сырттан импортталады деген шаһар басшысы қымбатшылықты геосаяси жағдаймен де байланыстырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде