{metadescription}
«Қазақша жауап қайтару – ұлтшылдық әрі мәдениетсіздік» – кәсіпкер Мухоряпов кешірім сұрады
«Қазақша жауап қайтару – ұлтшылдық әрі мәдениетсіздік» – кәсіпкер Мухоряпов кешірім сұрады

«Қазақша жауап қайтару – ұлтшылдық әрі мәдениетсіздік» – кәсіпкер Мухоряпов кешірім сұрады

Басқа бәле – тілден! «Қазақша жауап қайтару – ұлтшылдық және мәдениеттің төмендігі» деп, басы дауға қалған кәсіпкер Рамиль Мухоряпов бір күн өтпей елден кешірім сұрады. Ал дауға себеп болған мына мәлімдемесі:

- На самом деле, если такое происходит, я буду лично крайне опечален. Но кроме ситуации, когда человек реально не знает русского. Потому что, мне кажется, это все равно чуть-чуть странно. Чуть-чуть, какое-то проявление такого национализма. Это можно принять, но это не от большой культуры.

Рамиль Мухоряпов мұны күні кеше ресейліктермен кездесу барысында айтқан. Ол қонаққа келген көрші елдің азаматтарына қазақ тілінде жауап беру – ұлтшылдық әрі мәдениетсіздіктің белгісі деген. Желі қолданушылары Мухоряповтың бұл сөзін сынға алып, кәсіпкердің меншігіндегі

Choco -фэмили қызметтеріне бойкот жариялауға жаппай шақыруда. Сондай-ақ олар кәсіпкерден мемлекеттік тілде кешірім сұрауын талап еткен. Прокуратураға арыз жазған жандар да бар. Бизнесмен ақыры бір күн өтпей кешірім сұрауға мәжбүр болды. 

Рамиль Мухоряпов, кәсіпкер:

- Кеше видеоның бір бөлігін көрдіңіздер. Ең алдымен, барлығыңыздан кешірім сұрағым келеді. Ешкімді ренжітейін деген ниетім болған жоқ. Дұрыс айтасыз. Қазір сіздерді өте мұқият тыңдау керек. Мен видеоны қайта қарап шықтым. Расымен де дөрекі пікір, қатты айтылған. Мен – Қазақстан азаматымын. Алматыда тудым, сол қалада өстім. Біздің компанияда жұмыс істейтіндердің 99 пайызы – қазақстандықтар. Салық төлейміз. Мен қазақ тілін дамытудың маңыздылығын өте жақсы түсінемін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде