Челлендж: Балконға ту ілу халық қолдауына ие болды
Бір азаматтың бастамасы жалпыхалықтық сиапат алды. Астана тұрғынының балконына көк туды ілгені еліміздің әр түкпіріндегі жастардың патриоттық сезімін оятты. Олар да бұл азаматтың әрекетін қайталап әрі оны суретке түсіріп желіге тарата бастады.
Автор: Руслан Әбдіхалық
20.10.2022
Ал бұл челленджге ерекеше қолдау көрсеткен «Жастар рухы» орталығы көк байрақты ілудің тәртібін естен шығармауды ескертеді.
Жандос Құрманбаев есімді астаналық азамат әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше лайфхак түсірген. Ол Республика күніне орай мемлекеттік туға ерекше құрмет көрсетіп, рәмізді балконына іліп қояды.
Көп ұзамай желіде оны қолдаушылар табыла кетті.
Жандос Құрманбаев жеті жыл бұрын Геннадий Голвкиннің жеңісіне риза болып, қуанышын балконға көк байрақ ілумен жеткізген. Сол үшін оған 400 мың теңге айыппұл салынған. Оның бұл жолғы бастамасына құзырлы орын шектеу қоймады. Керсінше, жалпы халықтың қолдауына ие болды.
Жер-жерлерде тумен суретке түсіп, желіге салушылар қаптады.
Флешмобтан тараздықтар да шет қалған жоқ. Ернар Жылысбаев ең алғашқылардың бірі болып көк туды баспанасына іліп қойды.
Ернар Жылысбаев, Тараз тұрғыны:
- Осы челенжді әлеужеліден көрдім. Өзім туды ең бірінші іліп, басқа қалаларға және облыстарға жолдағым келді. Ту арқылы патиоттық сезімімізді оятып, басқаларға жолдаймын деп есептедім.
Ернар өзінің үндеуіне өзге өңір азаматтары да үн қосады деген үмітте. 23 жастағы жігіт бұл челлендж бір күнмен шектелмеге тиіс дейді. Оның сөзін «Жастар рухы» орталығы да қуаттайды. Өйткені бұл бастаманың жастардың патриоттық сезімін оятуға септігі мол деп отыр. Сондықтан шараны жан-жақты қолдауға әзір.
Уәлихан Болатбек, Жамбыл облысы «Жастар рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
- Туды ілемін деген жастарға туды қалай ілу керек екенін көрсету, түсіндіру – басты парызымыз. Мемлкеттік рәмізді құрметтеу – кез келген тұрғынның парызы, міндеті. Республика күніне орай жастардың осындай акциясын барлық жастарды қолдауға, қосылуға шақырамын.
«Жастар Рухы» орталығы ту ілуге ниет білдіргендер кеңес алуға келсе дейді. Өйткені тұмардай қасиет тұтатын мемлекеттік рәміз қор болмауы керек деп санайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!