FlyArystan өздігіңмен тіркеуден өткізетін инновациялық терминал орнатты
FlyArystan қызметін пайдалану бұрынғыдан да жеңіл бола түсті. Енді еліміздегі ең жас әуе компаниясы арқылы ұшатын кез келген жолаушы тіркеуден тез өте алады.
Автор: Салтанат Шырынхан
20.10.2022
Ол үшін әуежайға iJan атты инновациялық терминал іске қосылды. Яғни азаматтар тіркеу бағанасында ұзақ кезек күтпей-ақ, әп-сәтте 8 терминалдың біреуі арқылы өзін және жүгін рәсімдей алады.
Алматы халықаралық әуежайының ішіне FlyArystan 8 терминал орнатқан. Бүгін инновациялық жобаның арнайы таныстырылымы өтті. Ерекшелігі – тіркеу бағаналарындағы өзге әуе компанияларымен жағаласпай-ақ, жолаушы өзін және жүгін тіркеуден тез өткізеді, - дейді компания басшысы.
Эдриан Хамильтон-Маннс, FlyArystan компаниясының басқарушы директоры:
- Fly Arystan – әуежайда iJan инновациялық қызметін ұсынып отырған алғашқы әуекомпания. Мұндай терминал Қазақстанда, тіпті Орталық Азияда жоқ. Яғни жүйені сандық қызметке көшірудегі басты мақсат – жолаушылар үшін әуежай қызметін жеңілдетіп, әуежайдағы кептелістен арылту.
Инновациялық терминал халықтың әуежайда уақытын үнемді пайдалануы үшін ойлап шығарылған жүйе. Яғни мобильді қосымша арқылы тіркеуден өткен жолаушы әуежайға келгенде тек отырғызу талоны мен жүгін тіркейді.
Дәуір Еркін, FlyArystan компаниясының сату бөлімінің менеджері:
- Тіркеуде қыздар отырады. жүкті тіркегеннен кейін, жолаушы жүгін өткізуі керек. Сол кезде тіркеуде отырған қызметкерлеріміз оларға көмектеседі. Жүкті тек қабылдап алады.
iJan қызметі еліміздің 13 әуежайында келесі төрт айда орнатылады. Ал Астанаға 1 қарашаға жоспарланған. Компания қызметкерлері жүйені қолдану жаңа жылға дейін тегін жүргізілетінін айтады. Кейін ақылы болмақ. Бірақ FlyArystan мобильді қосымшасы мен flyarystan.com сайты арқылы онлайн тіркеу әрқашан тегін болып қала береді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!