{metadescription}
Рекорд: Алматы аспанында 800 шаршы метр алып ту желбіреді
Рекорд: Алматы аспанында 800 шаршы метр алып ту желбіреді

Рекорд: Алматы аспанында 800 шаршы метр алып ту желбіреді

Көк байрағымыз көкпен ұштасты. Алматы аспанында 800 шаршы метрлік алып ту желбіреп, Қазақстанның КИнЭС рекордтары кітабына енді. Оны парашютистер 3 мың метр биіктікке көтерді. Ерекше көріністі ұйымдастырған бастамашыл топ науқанды Республика күніне арнаған.

Яғни халықтың патриоттық рухын нығайтып, елдің егемендігі мен бейбіт болуына өз үлесімізді қосу мақсатымыз дейді.

Көк тудың жербірегені, жаныма қуат береді. «Ашық аспан» деп ұрандатқан ұйымдастырушылар Республика күніне орай қазақ еліне ерекше сый дайындады. Ең үлкен байрақты көгімізде қалықтатуды көздегендер бір ай ішінде 800 шаршы метрлі жалау тіктіріп, кәсіби парашютист оны әуеде желбіретті.

Тілек Қаналин, ұйымдастырушы:

- Бұл идея жалпы бір жыл бұрын пайда болған. 25 қазан Республика күніміз.Ту – біздің тәуелсіздігіміздің белгісі. Қазақстандықтарды біріктіретін символы – туымыз. Сондықтан осы әлеуметтік акцияның мақсаты – жас ұрпақтың. қазақстандықтардың патриоттық сезімін нығайту.

Республика күніне арналған 800 шаршы метр болатын туымыз көкке көтерілді. Кәсіби спортшы байрағымызды 3000 метр биіктіктен парашютпен алып түсті. Енді ең үлкен саналатын мемлекеттік рәміз Қазақстанның рекордтар кітабына енеді.

Байрақ Елордадағы тудан екі есе үлкен. Ені – 40 метр, ұзындығы – 20 метр. Жалпы салмағы 90 келі. Мұндай көлемді байрақты аспанда желбірету  ауа райы мен спортшының кәсібилігіне байланысты. 

Қуандық Құдайберген, Қазақстан рекордтар кітабының өкілі:

- 800 шаршы метрді, өзіңіз ойлаңыз, ол қандай аумақты алып отыр, үлкен мемлекеттің туы. Ал парашютистердің өміріне қауіп төнеді. Өйткені олар парашютпен түседі ғой. Сондықтан, әрине, бұл өте қауіпті рекорд. Ал бірақ рекорд ретінде мұны ешкім қайталамаған, Қазақстанда көрсетпеген. Негізгі мақсат – біздің саясат ретінде, мемлекет ретінде, халық ретінде мейірімділік қағидаларымызды насихаттау.

Науқанды кәсіпкер Жомарт Қияс бастап, Құрманбек Жұмағали қолдаған. Арасында елімізге еңбек етіп жүрген өзге де кәсіпкерлер мен қазақ спортшылары бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде