Республика күні аймақтарда қалай тойланып жатыр
Елімізде Республика күні кеңінен тойланып жатыр. Қызылжарда ән мен биден бөлек, қолөнер шеберлерінің фестивалі ұйымдастырылды. Оған бірнеше мемлекеттің мен дегендері жұртты өнерімен тамсандырды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
24.10.2022
Ақтау жұрты көк туды желбіретіп әскерилер арасында челлендж бастап жіберді. Ал Арқа төсіндегі халық мерекеге орай берілген демалыс күндерін сән-салтанатпен өткізуде. Концерт бағдарламаларынан қолы қалт еткен жұрт кітап, көркемөнер және тарихи мұражайдағы көрмелерді аралап жүр.
Петропавлда орталық алаңда таң атысымен әсем әуен шырқады. Сахнада жергілікті таланттар көрсеткен өнерден жас, кәрі биге беріліп арқа-жарқа болған. Қолөнер шеберлерінің халықаралық фестивалі де мерекеге орайластырған. Шараға Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей шеберлері де туындыларын әкеліпті. Былғарыдан жасалған картиналар, темірден соғылған бұйымдар, ерекше түрде тоқылған шұлық сияқты қолөнер туындыларын жұрт қызықтап қана қоймай, сатып та алып жатыр.
Наталья Талыгина, Салехард қаласының тұрғыны (Ресей):
- Мен Ямал Ненец автономия округынан ағаш жонудан шеберлік сағатын өткізуге келдім. Дәл қазір жасап жатқан дүнием «вертушка» деп аталатын ойыншық. Мұның техникасы қарапайым. Далаға шығып айналдырсаң, ұша жөнеледі. Балаларға қызық.
Ал Ақтауда теңіз жаяу әскери бригадасы мен әскери теңіз күштерінің матростары мемлекеттік туды салтанатты түрде көтерді. Осылайша әскерилер бұл челенджді Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің барлық әскери бөлімдеріне жолдады. Ұзындығы 20 метр, ені 5 метр болатын туды әскери борышын өтеуге келгеніне бір апта болған матростар ұстады. Жалпы шараға 150 сарбаз қатысты.
Бағдат Мыңбаев, 29011 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары:
- Халқымызды, ҚР Қарулы күштерінің жауынгерлерін құттықтайық деп, көк тудың, көк байрағымыздың астындағы біртұтас ел екенімізді, біртұтас ұлт екенімізді, «бірлік болмай, тірлік болмайды» деп дана халқымыз айтпақшы, бірліктің арқасында Қазақстан болашақта дамыған, озық елдердің қатарында тұрады деген оймен жасалған челендж болатын.
Ал Қарағанды билігі күннің суықтығына байланысты мерекелік іс-шараларды Мәдениет үйлерінде өткізуді жоспарлаған. Спорттық шаралар да ғимараттарда өтті. Ал қала шетіндегі Теміржолшылар мәдениет үйіндегі кітап көрмесі тарихты тануға бағытталыпты. Мұнда қазақ хандығының құрылғанынан бастап, осы күнге дейінгі жағдайды баяндайтын іріктелген 50 кітап назарға ұсынылған.
Айнұр Әділова, Теміржолшылар мәдениет үйінің қызметкері:
- Мемлекеттің бастауынан, билер бар, бастау алғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихты көре аласыздар. Бұл жерде хандар, билер, Алаш ордасы – бәрі жүйелі көрсетілген. Қазақстан қалай құрылды, содан барстап барлық тарих леклегімен қойылған.
Қарағанды облысы тарихи өлкетану мұражайныда Абылай хан, Абай Құнанбав, Нұрсұлтан Назарбаев, тіпті АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама пайда болыпты. Балауыздан жасалған мүсіндердің сапасы өте жоғары. Қарағандылық шебер бұған заманауи материалдарды қолданыпты. Мерекелік демалыстарда бой жазуға шыққан тұрғындарға дайындалған іс шара көп. Бүгін- ертең концерт қойып, мүмкіндігі шектеулі балаларға театрлар тегін қойылым әзірлеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!