Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штабқа 7 жарым мыңнан астам белсенді қосылды
Президент сайлауына кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб құрамына 7 жарым мыңнан астам белсенді қосылды. Олар ауыл-аймақты аралап, үгіт-насихат жұмысын бастап кетті.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
24.10.2022
Бүгін жалпыхалықтық коалиция өкілдері сайлауалды бағдарлама жазылған парақшаларды таратып жатыр. Белсенділер адам көп жүретін ойын-сауық орталықтарына бас сұғып, тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізді. Жұртты мазалаған сан-алуан сұрақтарға да жауап берді. Олар алдағы уақытта «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарлап отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй- үйді аралайды.
Нұржан Жетпісбаев, Қ. Тоқаевты қолдау жөніндегі Республикалық қоғамдық штаб өкілі:
- Біздің кандидатымыздың ұсынып отырған негізгі бағдарламалары, негізгі бағыттары бойынша үгітнасихаты азаматтарға түсіндіріп жеткізудеміз. Осы күндері 7,5 мыңнан астам еріктілер аймақтарда дәл осындай форматта кездесулер ұйымдастырып, үгітнасихат құралдарын азаматтарымызға үлестіруде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!