{metadescription}
Көк туымыз Алатау шыңында қалықтады
Көк туымыз Алатау шыңында қалықтады

Көк туымыз Алатау шыңында қалықтады

Республика күніне орай көк туымыз бүгін Алатау шыңында да қалықтады.

Салтанатты рәсімді көруге келгендердің басым бөлігі жастар. Шаһардағы 20 университеттің үш мыңға жуық студенті тіз-қатар тізіліп, жалаудың желбіреуін тағатсыздана күтіп тұр. Әнұранның орындалумен бірге қанатын күнге сүйгізген қыран бейнелі байрағымыз көкке көтерілді. Араға 13 жылды салып биыл ғана ұлттық мереке ретінде қайта жаңғырған Респбулика күнінде ұйымдастырылған салтанатты рәсімге желтоқсаншылар да қатысты.

Гүлбаһрам Жүніс,  «Желтоқсан-86 Тәуелсіздік қырандары» республикалық халық қаһармандары қозғалысының төрайымы:

- Бүгін қазақ елі мемлекеті туының дәл осы Медеу шатқалынан, тау бөктерінен көтерілетіні керемет әсер береді. Бұл керемет дүние. Мінекей, қараңызшы айналамызға. Қандай қуаныш! Жастарымыз қалай қуанып жатыр, бұл біздің болашығымыз. Бізге осы ұрпағымыздың болашағы маңызды.

Абзал Әріпов, Наурызбай ауданы жастар ресурсы орталығының жетекшісі:

- Республика күні биылдан бастап тойланатын болды. Қаншама жылдан бері. Осы Республика күні жыл сайын дәстүр болса деген ниеттемін. Бүкіл Алматы жастары қолдайды. Жалпы Алматы қаласындағы ең үлкен ту осы Медеуде. Бүкіл Алматы жастары атсалысып көмектесіп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде