{metadescription}
13 жыл ұмыт болған мереке аймақтарда ерекше тойланды
13 жыл ұмыт болған мереке аймақтарда ерекше тойланды

13 жыл ұмыт болған мереке аймақтарда ерекше тойланды

Республика күні еліміздің әр өңірінде кең көлемде тойлануда. Он үш жылдан бері ұмыт болған мерекені қазақстандықтар сағынып қалғаны байқалды.

Семейде автошерушілер жаппай көкбайрақты қала көшелерімен желбіретіп өтсе, Шымкентте автошерушілерге велосипедшілерде қосылды. Ал Таразда таңертеңнен бері үйде отырған жан жоқ. Жұртшылық көшелер мен саябақтарда би билеп, ұлттық ойындарға қатысып көңіл көтеруде. Тәуелсіздіктің бастауы болған бұл мерекенің жер-жерде қалай тойланды? 

Шымкентте Республика күнін тойлау қаланың бас туы тұрған Ордабасы алаңынан басталды. Көкбайрақтың көкке көтерілгенін күтіп тұрған елуге тарта көлікпен, 40 велосипедші көктуды желбіретіп Шымкенттің орталық көшелерімен шеруді бастады. Думандатқан шерушілерге кедергі келтірмес үшін әрі қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында полицейлер жолдарды бірер минутқа жапты. Бірақ оған ашу білдіріп жатқан жан жоқ. Керісінше, елдің бәрі телефонына түсіріп, мәз-мейрам.

Жауын-шашын болады деп болжанғанымен, шеру басталғанда ауа райы ашық болды. Қос-қостан ту ұстап көлік мінгендер улап-шулап, бас-аяғы 15 минутта межеге жетті.

Ал он шақырымды артқа тастаған велосипедшілер де Шымкенттің ең биік нүктесі Бәйдібек би ескерткішінің маңына жетті. Спортшылардан қандай сезімде тұрғанын сұрадық. п көрейік.

 – Жақсы. Жақсы сезіммен жеттік, көңілді. Туымызды өзімізбен алып келдік. Қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын, денсаулық бақыт тілеймін. Қазақстан Республикасы құтты болсын! Ура!

Жамбыл жұртшылығы да ұлттық мерекені айрықша атап өтуге тырысты. Бірнеше жерде түрлі мәдени шаралар ұйымдастырылған. Бүгін халықтың көңіл күйі көтеріңкі. Тараздық бұқараның басым бөлігінің орталық саябақта жүргені байқалады. Мұнда өткізілген ұлттық ойындар бірден елдің назарын аударды. Көпшілік арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу және гір тасын көтеру сынды жарыстарға белсене қатысып жатты. Саябақта ерекше атмосфера. Әркім өзіне керегін тамашалап жүр. Кей адамдарды көрме қатты қызықтырды. Онда мектеп оқушыларының тақырыптық қолөнер туындылары ұсынылған. Шәкірттердің еңбегіне жұртшылық жоғары баға берді. Ал жергілікті тұрғындар мерекенің қайта жаңғыруын жақсылыққа жорып отыр. Әрі бұл күнді ұлықтаудан ұтпасақ, ұтылмаймыз дейді.

Бекет Момынқұл, Тараз тұрғыны:

- Бұл тарихи күн ғой. Былайша айтқанда6 тәуелсіз Қазақстанның қазығы қағылған күн. 25 қазан 1990 жылы декларация қабылданған. Біздің Жаңа Қазақстан,Тәуелсіз Қазақтан дейміз, соның бәрі сол күннен басталды. Сондықтан мерекеміз құтты болсын!

Аймақтың әлеуметтік-экономикалық даумына үлес қосқан азаматтар да елеусіз қалмады. Бүгін әр салада еңбегімен ерекшеленген жандар арнайы марапатқа ие болды. Ал шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Республика күнін Семей тұрғындары да сән-салтанатымен атап өтуде. Мәселен бүгін қалада мерекелік автошеру ұйымдастырылды. Көк байрағымызды желбіреткен 40 көлік шаһар көшелерімен жүріп өтті. «Абай» әуежайынан басталған шеру жаңадан бой көтерген Қарағайлы ықшамауданына дейін барды.

Жалаулатып 15 шақырымды жүріп өткен көліктер тізбегі тұрғындардың ыстық ықыласына бөленді. Бұл патриоттық шараға еріктілер, жастар ұйымының өкілдері мен қала тұрғындары ат салысты.

Алмас Айтмұқаш, Семей қаласының тұрғыны:

- Бұл автошерудің басты мақсаты жастар мен қала тұрғындарын Отан сүйгішттікке бағыттау. Сонымен қатар жастарды елді, рәміздерді құрметтеуге бағытталады. Сондықтан шараның мәні мен маңызы ерекше деп айтамын. Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймын!

Республика күні Шығыс Қазақстан облысында да ерекше  тойланып жатыр. Жалпы бұл өңірде 500-ге жуық мерекелік іс шара жоспарланған. Спорттық жарыстар, түрлі көрмелер, эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді. Республика күнінде жаңа баспана алып, қоныс той жасап жатқандар да бар. Мәселен, бүгін Ұлан ауданында жылдар бойы пәтер кезегінде тұрған мұқтаж 22 отбасына үйдің кілті табысталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде