{metadescription}
Әскерде борышын өтегендер енді емтихансыз ЖОО-на түсе алады
Әскерде борышын өтегендер енді емтихансыз ЖОО-на түсе алады

Әскерде борышын өтегендер енді емтихансыз ЖОО-на түсе алады

Әскерде борышын өтегендер енді емтихансыз жоғары оқу орнына түсе алады. Бүгін Алматыда қорғаныс министрлігі еліміздегі университет ректорларымен осындай келісімге қол қойды. Жоба әскери қызметтің беделін арттыруға бағытталған. Жоспар бойынша жыл сайын үш мың сарбазға оқу орнына түсуге жолдама беріледі.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Қол қойылған келісім әскерилерді армиядан кейін әлеуметтендірудің бір механизмі болып табылады. Біріншіден, жоғары оқу орындарына өзін жақсы жағынан көрсетіп, мұқият іріктеуден өткендер келеді. Екіншіден, оқу орындарына баратындар – әскер мектебінен өткен жастар. Мықты, төзімді, тәртіпті балалар студенттерге батылдық пен дербестіктің үлгісі болады

Елуден аса жоғары оқу орындарының басшылары қол қойған келісім 2023 жылдан бастап күшіне енеді. Айта кететіні, сарбаз әскерде іріктеуден өтіп жолдама алғанмен ақылы оқуға түседі. Бағы жанғандардың ішкі грантты ұтып алуға мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе Ұлттық бірыңғай тестілеуде сүрініп, артынша әскерге борышын өтеуге кеткендердің оң жамбасына келеді. Осы жобаның арқасында енді ешқандай емтихан, сынақтарға қатысудың қажеті жоқ. Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл әскер әлеуетін көтеруге сеп болатын бастама дейді.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Өз есебінен ақылы оқуға мүмкіндік береміз. Екінші, ішкі грант деген мәселе бар. Яғни бастамаға қосылған бірнеше мықты жоғары оқу орындарымыз, әсіресе ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындары өздерінің есебінен ең мықты сарбаздарымызға ішкі грант деген мүмкіндікті беруге дайын. Бұл осы келісімшарттардың ішінде реттелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде