Маңғыстау облысы: Ауыл-аймаққа су жаңа15 автобус алынды
Республика күніне орай Маңғыстау облысының автопаркі 15 қоғамдық көлікпен толықты. Су жаңа автобустардың басым бөлігі ауыл-аймақтарға жөнелтіледі.
Автор: Айман Нұрмағамбет
25.10.2022
Мәселен Мұнайлы ауданына бөлінген 12 автобус Ақтау-Басқұдық-Маңғыстау бағытында қатынайды. Осылайша аудан мен Ақтау қаласын жалғап тұрған негізгі әрі жалғыз №105 бағыттағы автобустар толық жаңартылды. Қоғамдық көліктер бейнебақылау камерасы, GPS және ауа баптағыштармен жабдықталған. Одан бөлек онлайн төлем қабылдау терминалы мен телефон қуаттағышы да бар. Автопаркті жаңалауға 1,4 миллиард теңге жұмсалған.
Бекнұр Бейісов, «Каспий әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы:
- Бұл автобустар бейнекамерамен толыұ жабдықталған. Ол “Сергекке” қосылған. Сонымен қатар мүгедек жандарға арналған пандусы бар. Пневматикалық жүйесі, WiFi желісі, желдеткіші бар. Халыққа тиімді пайдалану үшін арналған автобустар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!