Жемқорлық туралы отандық фильм түсіріліп жатыр — «Вакцина от коррупции»
«Вакцина от коррупции». Құлақты елең еткізер осындай атаумен отандық жаңа фильмнің түсірілімі басталды. «Сыбайлас жемқорлық - індеттің бір түрі» деген фильм подюсерінің айтуынша, картина күлдіріп қана қоймай, көрерменге ой салады. Бұл комедия бұрынғылардан несімен ерекше? Оңай олжа көздегендердің жолын қалай кесуге болады?
Автор: Салтанат Шырынхан
25.10.2022
Кезекті отандық фильмнің алғашқы түсірілімі басталды. Туындыда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымы ағзадағы вирусқа емес, адам бойындағы жемқорлықты жоятын екпені шығаруды ойластырады. Осылайша режиссер жаңа картина бүгінгінің індеті саналатын парақорлықпен күрес жайында дейді.
Тимур Дулатов, режиссер:
- Жаңа Қазақстан дейміз, коррупциямен арпалысу, жою деген сияқты. Бірақ негізгі түпкі ойы, осы фильмнің толықметражды, коррупцияны ішкі ортамыздан жеңбесек, ол сыртынан жеңіле қоймайды деген ой. Өзіміз көбінесе қолданамыз ғой. Дәрігерлерге ақша береміз. Біреуге ақша береміз ары қарай өту үшін. Оның барлығы жойылмайынша, негізі жойылмайды деген ой.
Фильмде басты рөлдерді Қайрат Әділгерей мен Рүстем Жаныманов сомдайды. Бірі мол қаражат қайда болса, сол жерден пайда көргісі келетін прокурор. Ал екіншісі жаным арымның садағасы дейтін қарттар үйінің директоры. Қайрат Әділгерей көптеген ұсыныстың ішінен осы фильмнің сценарийі ұнап бірден келіскенін айтады.
Қайрат Әділгерей, актер:
- Вакцина алған жемқор өзгере бастайды. Бұл жерде екі образ. Бір адамда екі образ. Және де ол ақырындап өзгеріп отырады. Жемқорлықтан ортасында білініп, кейін адал адам болып кететіні. Сонысымен қызық. Яғни бір кинода бастан аяқ бір образды алып шығатын болсаң, бұл кинода өзгеру бар, сосын нәтижесі бар. Қорытындысы бар. Соңында айтар ойы бар, бір жеңіл дүние емес.
Фильмнің бас продюсері Құралай Анарбекованың өзі де картинада басты рөлдердің бірін ойнайды. Айтуынша, туынды келер жылы жылдың ең үздік комедиясы болатынына сенімді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!