{metadescription}
Елжан Біртанов: «Біз ешқандай да жемқор емеспіз, халық жауы емеспіз»
Елжан Біртанов: «Біз ешқандай да жемқор емеспіз, халық жауы емеспіз»

Елжан Біртанов: «Біз ешқандай да жемқор емеспіз, халық жауы емеспіз»

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі мен оның орынбасары сотта соңғы сөздерін айтты. Елжан Біртанов пен Олжас Әбішев тағылған айыппен келіспейді. Сондықтан, судьядан өздерін толық ақтауды сұрап отыр.

Экс-министр мемлекеттік айыпталушылар нақты дәлел ұсына алмады деп санайды. Оның экс-орынбасары да тергеу барысында өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгенін мәлімдеді. Айта кетсек, прокурор бұған дейін Елжан Біртановты 6 жылға, Олжас Әбішевті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын және бір жарым миллиард теңге шығынды өндіріп беруді сұраған. Экс-министрдің өзі екі жылдан бері үй қамақта отыр. Оған қызметін асыра пайдаланып, өзі басқарған ведомствоға жарамсыз ақпараттық платформаны қабылдады деген айып тағылған. Сондай-ақ Біртанов санавиция ұшағын жеке мақсатында пайланданды деген күдік те бар. Атышулы істің нүктесі апта соңына дейін қойылуы мүмкін. 

Елжан Біртанов:

- Іс бойынша келтірілген құжаттар, куәгерлер сөзі, бұйрық, қызметтік жазбалар арқылы толық ақпарат берілді. Қылмыс жоқ екені көрсетілді. Яғни мемлекеттік айыптаушы, прокуратура қылмысты дәлелдей алмады. Жеке хат алмасулар, куәгерлердің айғақтары секілді қаншама дәлелдер келтірдік. Біз ешқандай да жемқор емеспіз. Біз халық жауы емеспіз. Құрметті судья! Мені ақтауды сұраймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде