Екі жасар бала шалшық суға тұншығып өлді – Түркістан облысы
Түркістан облысында екі жасар бала жаңбыр суына тұншығып бақилық болды. Қазығұрт ауданында ересектердің қарауынсыз қалған бүлдіршін есік алдында жиналған шалшық суға құлаған.
Автор: Бек Әбиев
26.10.2022
Талғат Досалиев, Түркістан облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
- Қазығұрт ауданында Қазығұрт ауылында тұрғын үй ауласында қазылған шұңқырға жиналған жауын суға 2020 жылғы кішкентай бала түсіп қайтыс болған.
Алты сағаттай жауған нөсер жауын салдарынан Қазығұрт, Сарыағаш пен Бәйдібек аудандарында сел жүрген. Қазығұртта бірнеше ауланы су басса, көрші Сарыағаш ауданында 13 бас мал суға тұншығып өлді.
Бәйдібек ауданынында да бірнеше қораға су кіріп, бүлінген. Күндіз-түні аулаларды қызыл судан тазалап жатқан төтеншеліктер қазір қауіп сейілді дейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!