{metadescription}
Заңсыз шығарылған активтер қайтарылып, халық игілігіне жұмсалады
Заңсыз шығарылған активтер қайтарылып, халық игілігіне жұмсалады

Заңсыз шығарылған активтер қайтарылып, халық игілігіне жұмсалады

Елімізден заңсыз жолмен шығарылған активтер кері қайтарылып, халық игілігіне жұмсалады. Сондай-ақ алдағы 7 жылда 111 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенттігіне кандидат ретінде халықтық коалицияның қоғамдық штабына барып, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Мемлекет басшысының сөзінше, әлеуметтік салада, экономика мен саясатта көптеген жүйелі мәселелер қордаланып қалған. Сондай-ақ азаматтар мемлекет пен билікке сенбейді. Мұның барлығы еліміздің дамуын тежейді деді президент. Сайлауалды бағдарламасының үш қағидатында елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты, сондай-ақ экономика және әлеуметтік саласы бойынша мәселелер толық қамтылған. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, әділдік идеясы мемлекетіміздің саясатында басты бағытқа айналарына сеніп, азаматтарды тарихи маңызды таңдау жасауға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Мемлекет кәсіпкерлікті ынталандыруға және оны қорғауға бар күшжігерін салатын болады. Әділетті Қазақстанда заң талаптарын сақтайтын кез келген шағын, орта және ірі бизнеске лайықты жағдай жасалады. Бизнестің бәсекеге қабілетін арттыруға кедергі келтіретін нәрсенің бәрі жойылады. Мемлекет әзірге жеке бизнестің шамасы келмейтін салаларда ғана белсенді жұмыс жүргізеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде