{metadescription}
Үгіт-насихат: Мейрам Қажыкен Шығыс Жезқазған кенішіне барды
Үгіт-насихат: Мейрам Қажыкен Шығыс Жезқазған кенішіне барды

Үгіт-насихат: Мейрам Қажыкен Шығыс Жезқазған кенішіне барды

«Аманат» кәсіподақтар бірлестігінің кандидаты Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмысын жер астында жалғастырды. Президенттікке үміткер бұл жолы Шығыс Жезқазған кенішіне барды.

Ол алдымен кен орнының асханасын көріп, жұмысшылардың күнделікті ас мәзірімен танысты. Анненский шахтасының тередігі 500 метрге дейін.  Мейрам Қажыкен сайлауалды бағдарламасын кеншілерге 260 метр тереңдікте түсіндірді. Жұмысшылар кандидатқа әлеуметтік қорғау және зейнет жасын төмендету жайында көкейде жүрген сауалдарын қойды. Қажыкен өз бағдарламасында ауыр жұмыс істейтін азаматтарды ерте зейнетке шығару мәселесін көтеретінін айтты.

Мейрам Қажыкен, ҚР Президенттігіне кандидат:

- Жұмыстарыңыз қиын екенін көріп отырмын.

- Бұл бер жағы ғой.

- Иә көріп отырмын, бер жағы екенін. Ар жағы одан да қиын екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде