Жигули Дайрабаев: «Пайызсыз несие беретін агробанк құру қажет»
«Пайызсыз несие беретін агробанк құру қажет». Үгіт-насихат жұмыстарымен Түркістан облысында жүрген Жигули Дайрабаев осындай бастама көтерді.
Автор: Айғаным Достанбай
26.10.2022
"Ауыл" партиясының үміткері президент болса, агробизнесті дамытуға қолдау көрсетуге ниетті. Жигули Дайрабаев шаруалармен кездесуінде диқандарды қаржыландыру мәселесін, жер және ауыл шаруашылығы техникасын пайдаланудағы түйткілдерді қаузады. Түркістан облысы фермерлердің көп шоғырлануымен ерекше, сондықтан бұл өңірдегі өткір проблема.
Анас Баққожаев, "Ауыл" партиясы төрағасының орынбасары:
- Түркістан облысының жетістіктерінің бірі – ұйымшылдық. Мұнда шаруалар өте ұйымшыл. Содан кейін мемлекетке масыл емес. Өз күнін өзі көріп жүрген шаруалар. Бар мүмкіндікті пайдаланып, өздерінің өнімдерін өсіріп сатып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!