Нұрлан Әуесбаев мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды ұсынды
Президент сайлауына Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан қатысатын Нұрлан Әуесбаев Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесті. Шалғайдағы ауыл жұртымен жүздескен кандидат мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды ұсынды.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
26.10.2022
Бестамақ ауылына ат басын бұрған үміткер бұқараға сайлауалды бағдарламасын егжей-тегжей түсіндірді. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның өкілдері парламенттік-президенттік республиканы құруды көздейтінін жеткізді. Үміткердің пікірінше, күшті парламент жартылай бір мандат округтардан сайланған депутаттардан құралуы керек. Бұл қадам сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болады дейді ол. Кездесуден кейін Нұрлан Әуесбаев Есет батырдың кесенесіне барып құран бағыштады.
Мейрамбек Камалов, ҚР президенттігіне кандидат Н.Әуесбаевтың сенімді өкілі:
- Осы жиналысқа сексен шақты ауыл азаматтары қатысты. Сайлаушылар қатысты. Нұрлан Сатыбалдыұлы үміткер ретінде өзінің сайлауалды бағдарламасын сайлаушыларға таныстырды. Кездесу өз деңгейінде өтті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!