Салтанат Тұрсынбекова Қарағандыда үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті
Президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова Қарағанды қаласына барды. Үгіт-насихат жұмысына қызу кіріскен кандидат заңгер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
26.10.2022
Жиында сот жүйесін реформалау, мүгедектер мен сотталғандардың құқықтарын қорғау сынды түрлі тақырып қозғалды. Салтанат Тұрсынбекова мүгедектер мен мүгедек балаларды бағып отырған азаматтардың зейнет жасын 58-ге дейін қысқарту, ең төменгі жалақы мен күнкөріс деңгейін арттыру сынды өзекті мәселелерді қозғайтынын айтты. Оның сайлауалды бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту сынды маңызды жұмыстар да бар.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР президенттігіне кандидат:
- Расында да халықтың жүрегінде өте көп маңызды мәселе жиналып қалған екен. Олар күткендей, көп мәселенің басын ашып айтуға тура келді. Кездесу көңілімнен шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!