{metadescription}
Аркаға соғылған мерседес жүргізушісі жан тапсырды – Ұлытау облысы
Аркаға соғылған мерседес жүргізушісі жан тапсырды – Ұлытау облысы

Аркаға соғылған мерседес жүргізушісі жан тапсырды – Ұлытау облысы

Ұлытау облысының полицейлері Сәтбаев қаласының шыға берісінде болған жол апатының себептерін анықтап жатыр. Онда Мерседес көлігі жүйткіген күйі қаланың атауы жазылған аркаға соғылып, жүргізушісі жан тапсырған.

Қалыңдығы бірнеше метрлік арканы көтеріп тұрған дуалға жеңіл көлік қатты жылдамдықпен келіп соғылған. Бірден лап етіп отқа оранған. Рульде 58 жастағы кәсіпкерлікпен айналысатын Жезқазған тұрғыны болыпты. Қатты соққыдан есінен танып қалған оны қызыл жалыннан ешкім алып шыға алмады. Қазір жүргізуші не себепті тізгінге ие бола алмай қалғаны анықталып жатыр. Өртенген көлік техникалық сараптамаға жіберілген.

Аңсаған Тоқбергенов Ұлытау облысы ПД баспасөз хатшысы:

- Мерседес автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқаруға ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жолкөлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қайтыс болды. Қазір аталмыш оқиға  полицияда тіркелді, тиісті сараптама тағайындалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде