{metadescription}
Азаматтар енді цифрлық кадастр арқылы ұнатқан бос жерді таңдай алады
Азаматтар енді цифрлық кадастр арқылы ұнатқан бос жерді таңдай алады

Азаматтар енді цифрлық кадастр арқылы ұнатқан бос жерді таңдай алады

Жерге иелік ету бұрынғыдан оңайырақ болу керек! Мәжілісмендер осындай өзгеріс енгізілген жылжымайтын мүлік туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл жер аламын деушілердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетуге тиіс дейді цифрлық даму министрлігі.

Себебі бұл қызметті бүгінде қағазбастылық жайлаған. Жер халыққа қолжетімді болуы үшін Үкімет арнайы ақпараттық жүйе әзірлепті. Цифрлық кадастр арқылы азаматтар өзіне ұнаған бос жерді таңдай алады. Ары қарай тұтынушының арызы жауапты мекемелерге жолданып, келісіледі. Кейін тұрғындар өз өтінішінің қай сатыда екенін электронды үкімет порталы арқылы бақылап отырады. Сондай-ақ бұған дейін азаматтар өз иелігіндегі жерге және ондағы жылжымайтын мүлікке бөлек құжат дайындайтын еді. Енді барлығын бір құжатқа сыйдырып рәсімдейді.

Әсет Тұрысов, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі:

- Сәулет органдары өтініш келіп түскенен кейін сұратылып отырған жер учаскесінің Бас жоспарға және орналастыру жоспарларына сәйкестігін, нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін айқындайды, сонымен бірге қолданыстағы инженерлік коммуникацияны көрсете отырып жер учаскесін бөлу схемасын дайындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде