Ақтөбеде өзен жағасынан қиналып өлген екі адамның мәйіті табылды
Ақтөбеде өзен жағасынан екі адамның денесі табылды. Полицияның мәліметінше, мәйіттерде зорлық-зомбылық белгілері бар.
Автор: Жаңалық Ахаш
27.10.2022
Мәйіттер қоғамдық моншаға қарсы беттегі Елек өзені жағасында жатқан. Оны сол жерден өтіп бара жатқан тұрғын көріпті. Жедел тергеу тобы жасақталып, оны облыс прокурорының өзі басқарып отыр. Тексеру кезінде марқұмдардың 27 және 31 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғындары екені анықталды. Оларды пышақтап немесе атып өлтірген болуы мүмкін. Бірақ прокуратура оны ашып айтпады. Тек қинап өлтіру белгілері бар дейді.
Өркен Есжанов, Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі:
- Көрсетілген мекенжайда бұталардың арасынан 1991 жылғы Көшкімбаевтың және 1995 жылғы Төлеуовтың зорлықпен өлім белгілері бар мәйіті табылды. Сол себепті аталған дерекке байланысты Алматы ауданының №3 ҚПБ-мен ҚР ҚК 99-бабының 1-тармағы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!